Республика күнін мерекелеумен орай, 2022 жылдың 28-ші қазанында Шығыстану факультетінде студенттердің «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мұхамедияр Саят Қанатұлымен кездесуі өтті.
Кездесу ашық сабақ форматында өтті. Саят Қанатұлы бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адами капиталдың дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық жастарды әлемдік деңгейдегі университеттерде оқытуда мемлекеттік қаржылық қолдау, сондай-ақ көтермелеу маңызды орын алады.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі шетелдегі білімі және тәжірибесімен, сонымен қатар оқу барысында кездескен мәселелерімен бөлісті. Іс-шара ашық форматта ұйымдастырылғандықтан, білім алушылар Саят Қанатұлына сұрақтарын еркін қойып, қанағаттанарлық жауаптарын ала алды.


.png)






















