Шығыстану факультетінде «Қытайтану негіздері» атты елтану сайысы өтті

Республика күнін және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай 3 қараша күні Шығыстану кафедрасы «Қытайтану негіздері» атты елтану сайысын өткізді.

Аталмыш сайысқа «шығыстану», «аударма ісі» және «шетел филологиясы» мамандығында оқитын 2, 3, 4 курс студенттері қатысты. Сайыстың мақсаты: студенттердің тілдік білім деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сайыстың ашылу салтанатында шығыстану факультетінің деканы, с.ғ.к., профессор Э.М.Кагазбаева сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазылар алқасының құрамында ф.ғ.к., доцент Р.Б.Джельдыбаева, профессор Шы Лунвей, т.ғ.к., доцент М.А.Омарова, PhD докторы, доцент Д.Б.Дәуен, аға оқытушы Д.Меллат болды.

Сайыс қызықты әрі мазмұнды өтті. Сайыстың бірінші кезеңі зияткерлік викторинада мәдениет, саясат, спорт, өнер және т.б сала бойынша сұрақтар қойылып, тез және дұрыс жауап бере алатын алғыр студенттерді анықтауға мүмкіндік берді. Екінші кезеңде студенттер үй тапсырмасы ретінде бейне көрсетілімге дайындалып, өз ойларын нақты жеткізуге мүмкіндік алды.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Құрбанова Арайлым жеңіп алды. ІІ орынды Өтелбай Аяжан мен Қазыбек иеленсе, ІІІ орынды Казыева Гүлбану, Тоғызбай Камила, Даулетбек Бағжан сынды студенттер иеленді.

Сайысқа Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Конфуций институты қолдау көрсетіп, демеушілік жасады. Осы ретте Сайыстың жоғары деңгейінде өтуіне қолдау білдірген Конфуций институтының директоры, профессор Т.Қалибекұлына және сайысты ұйымдастыруға атсалысқан PhD докторы Б.Абылқасымова мен гуманитарлық ғылымдар магистрі М.Дильмановаға ерекше алғыс білдіреміз.

news2 04.11.22pic1

 

news2 04.11.22pic2

 

news2 04.11.22pic3

 

news2 04.11.22pic4

 

news2 04.11.22pic5

 

news2 04.11.22pic6

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать