Халықаралық студенттік байқау жобалар EURHODIP

Біздің университет EURHODIP туризм және қонақжайлылық менеджменті бойынша мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының халықаралық қауымдастығының толыққанды мүшесі болып табылады. Бұл ұйымның бас кеңсесі Бельгиядағы Брюссель қаласында орналасқан.

Осы қауымдастықпен ынтымақтастық аясында біздің университеттің «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтарының 2-4 курс студенттері жыл сайын EURHODIP қауымдастығының форумы аясында өтетін студенттер байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Аталмыш шараның орны жыл сайын өзгеріп отырады және әр түрлі елдерде өткізіледі.  

Биылғы жылғы байқау EURHODIP қауымдастығының форумы аясында Португалиядағы Эвора қаласында 9 мен 13 қараша аралығында өтті.

Біз «Туризм» мамандығының 4-курс студенті Әбілкаир Альбина осы байқаудың «Туризм менеджменті» секциясы бойынша қатысып, жүлделі 1-орынға ие болғанын қуана хабарлаймыз. 

Альбина қазіргі уақытта Нидерландыдағы Роттердам қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жатыр және осы байқауға біздің университетіміздің Ректорының қаржылық қолдауының арқасында қатыса алды.

 

 

 

news12.11.22pic1

 

news12.11.22pic2

 

news12.11.22pic3

 

news12.11.22pic4

 

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать