Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл

2022 жылдың 9 қарашасында Елорда Астанада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Қазақстан-Қытай: бейбіт көршілестік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» атты мерейтойлық кітаптың ресми тұсаукесері өтті.

 

Шараны Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қытайтану орталығымен бірлесе отырып, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі мен ҚХР-ның Қазақстандағы Елшілігі қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, сонымен қатар  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының және Министрліктердің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы мен ҚХР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан мен Қытайдың аналитикалық құрылымдары, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынстар және әлем тілдер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері мен магистранттары қатысты.

Университетіміздің баяндамашысы ретінде  шығыстану факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Қағазбаева Е.М.сөз сөйледі.  Ол өз сөзінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті синологтардың, шығыстанушы ғалымдардың, филологтардың, аудармашылардың, халықаралық мамандардың жаңа буынын даярлауда ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Университетте мамандарды даярлау жүйесі білім берудің 3 деңгейінде жүзеге асырылады: жоғары базалық білім (бакалавриат), магистратура және докторантура. Университетте Конфуций институты жемісті жұмыс істейді. Сондай-ақ университет студенттер арасындағы академиялық ұтқырлық бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие екені атап өтілді.

Айта кету керек, «Қазақстан-Қытай: бейбіт көршілестік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» атты кітап Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі мен ҚХР-ның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы тығыз және өнімді шығармашылықтың  нәтижесінде дүниеге келген.

 

news1 16.11.22pic1

 

news1 16.11.22pic1

 

Печать