«Ғылым апталығы» аясында «Халықаралық құқық» кафедрасы

«Ғылым апталығы» аясында «Халықаралық құқық» кафедрасы 2022 жылдың 14 қарашасында «6В04201-Құқықтану» және «6В04202-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттері арасында ЖОО ішіаралық олимпиада өткізді. Қазылар алқасының мүшелері арасында з.ғ.д., профессор Мұсабеков Е.А., з.ғ.д., профессор Ахметов Б.И.  және заң ғылымдарының магистрі Сыздықова А.А.

 

Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде бес пән бойынша 3 кезеңде өтті.

  • Бірінші кезең: «Мемлекет және құқық теориясы» және «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәндері бойынша тест тапсырмалары;
  • Екінші кезең: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы және Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» пәндері бойынша теориялық сұрақтар;
  • Үшінші кезең: Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша істер.

Жеңімпаздарымызды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз және көптеген табыстар тілейміз!

 

 

news3 16.11.22pic1

 

news3 16.11.22pic2

 

news3 16.11.22pic3

 

news3 16.11.22pic4

 

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать