"Болашаққа ұмтылған шығармашылық"

15 қарашада шеттілдік білім беру әдістемесі кафедрасының оқытушылары кітапхана ұжымымен бірлесіп, профессор Козлов Петр Гурьяновичтің құрметіне "Болашаққа ұмтылған шығармашылық" атты көрмесін өткізді. Көрме шетел тілдері педагогикалық факультетінің 4 курс студенттеріне, профессор П.Г. Козлов атындағы әдебиет және әлем тілдері залында өтті. Студенттерге профессордың мұрасы - ғылыми еңбектері, жинақтар, кітаптар және докторлық диссертациясы таныстырылды.

Өмір бойы Козлов Петр Гурьянович тек ғылымға ғана емес, оқытуға да адал қызмет етті. Профессор өз студенттері мен әріптестерінің шынайы құрметіне ие болған. Ол шеттілдік білім беру саласында құрметті профессор және зерттеуші атағына ие болды.

 

news6 16.11.22pic1

 

news5 16.11.22pic2

 

news6 16.11.22pic3

Печать