Ірі компаниялармен және бизнес - құрылымдармен әлеуметтік әріптестік шарттарына және Меморандумға қол қою.

2022 жылдың 15-ші қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің экономика және құқық факультеті Абылайхан ҚазХҚ және ӘТУ мен бизнес-құрылымдар және құқық қорғау органдарының өкілдерімен әріптестік туралы меморандум мен әлеуметтік келісім шартқа қол қою рәсімін ұйымдастырды.

 

 Абылайхан атындағы КазХҚ және ӘТУ ректорының атынан құттықтау сөзді университеттің стратегиялық даму жөніндегі проректоры, э.ғ. к., профессор Д. А. Құнанбаева сөз сөйледі. Ол баяндамада әлеуметтік әріптестік туралы меморандум мен шартқа қол қою университет пен бизнес-серіктестер үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тиімді, өзараұтымды, стратегиялық ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік бере отырып, біздің ынтымақтастығымызды сапалы жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Іс-шараға бизнес-құрылымдар мен құқық қорғау органдарының келесі өкілдері қатысты:

1 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Алматы қаласы бойынша соттардың әкімшісі (ҚР Жоғарғы Сотының Аппараты)"РММ

2 Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы

3 "Парасат" медиация және құқық орталығы "ЖМ"

4 Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

5 Алматы қаласының заң консультанттары палатасы

6 "Әділет-АР" адвокаттық кеңсесі

7 Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

8 "Қазақтелеком" АҚ

9 "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ

10 " НОМАД Иншуранс "Сақтандыру компаниясы" АҚ

11 "Береке Банк" АҚ

12 "Олжа" АҚ

13 "Интергаз Орталық Азия, магистральдық газ құбырлары басқармасы" АҚ

14"Аралтұз" АҚ

15 "BakerTilly"халықаралық аудиторлық компаниясы

16 "Ақпараттық технологиялар паркі" мемлекеттік кірістер басқармасы

17 "СОФТКЛУБ" ЖШС

18 "Балқан Корунд"ЖШС

19 "ДФО БОЛАШАҚ" ЖШС

20 "Matus" ЖШС

 

Қатысушылар университет үшін де, жұмыс берушілер үшін де осындай маңызды оқиғаны ұйымдастырғаны үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.

 

Жапарова Әйгерім Әнуарқызы - "BakerTilly" халықаралық аудиторлық компаниясының ресми өкілі. Ол компания - Университет студенттерін кәсіптік практика  және университет түлектерін тағылымдама өтуге қабылдауға мүдделі екенін атап өтті. 

Айтбаев Мұрат Мұқатайұлы - "Қазақтелеком" АҚ Корпоративтік бизнес департаментінің ЕХ-директоры: университет түлектерін жұмысқа орналастыруға және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлетініне ризашылығын білдірді. Қазақтелеком АҚ еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярлауда университетпен одан әрі ынтымақтасуға дайын.

Ержан Қайроллаұлы Кужахметов – "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Алматы қаласы бойынша соттардың әкімшісі (ҚР Жоғарғы Сотының Аппараты)" ӨМБ басшысы университеттер мен "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Алматы қаласы бойынша соттардың әкімшісі" ӨМБ арасындағы меморандумдарға бұрын да қол қойылғанын, мұндай іс-шара құқық қорғау органдары, бизнес-құрылымдар мен университет өкілдерінің бірлескен қатысуымен алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті. 

Әрі қарай Абылайхан атындағы КазХҚ және ӘТУ бизнес-құрылымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдерімен әлеуметтік әріптестік туралы Меморандумға және Шартқа қол қою рәсімі өтті.

 

15.11.22news pic01

 

15.11.22news pic02

 

15.11.22news pic03

 

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать