«Ғылымдар тоғысындағы филология: шақырулар мен трендтер» атты Дөңгелек үстел

2022 жылдың 18 қарашасында Теория және қолданбалы тілтану кафедрасы филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрзалина Ботагөз Қазбекқызының мерейтойына арналған  «Ғылымдар тоғысындағы филология: шақырулар мен трендтер» атты Дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек  үстелде филология ғылымының, сонымен қатар пәнаралық гуманитарлы мәселелерді талқылау жоспарланады:

  • Әлемнің тілдік суреті лингвистикалық зерттеулердің объектісі ретінде 

  • Тіл теориясы мен мәдениетаралық коммуникация 

  • Аударма теория мен практикасының замануи бағыттары 

  •  Көркем мәтіннің поэтикасы мен мәселелері: сурет, мотив, идея 

  • Филология мен тілдерді оқыту әдістемесінің кіріктірілуі 

  • Филология призмасы арқылы әлеуметтік гуманитарлы ғылымдар көрінісі

Дөңгелек үстел модераторы оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректор, п.ғ.д., профессор Төлебике Әлімжанқызы Кульгильдинова іс-шараның басында мерейтой иесіне АҚ «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» Басқарма төрайымы – Ректор ҰҒА академигі С.С.Құнанбаеваның құттықтау хаты мен Құрмет грамотасын табыстады.

Дөңгелек үстелдің пленарлық отырысында баяндамалар тыңдалды:

  • Филология құндылыққа бағытталған педагогика ретінде: шетелдік аудиторияға орыс әдебиетін оқыту тәжірибесінен (Табачникова-Смит  О. М., Ұлыбритания);

  • Ресей-Қытай дипломатиялық құжаттардағы эквивалентсіз және фондық түсініктер (Степанов Е. Н.,  ҚХР);
  • Орыс тілді диминутив сөзжасамдағы фузия мен агглютинация (Им С. Б., Өзбекстан);
  • Usus est optimus magister: өзгермелі парадигма аясындағы қазақстандық лингвистика (Шаймерденова  Н.  Ж., ф.ғ.д., профессор, ль-Фараби атындағы ҚазҰҮ, Алматы, Қазақстан);
  • ХХ ғ соңында - XXI ғ басында орыс тілінің лексикалық құрамының байытылуы (Бабашева З. М., Әзірбайжан). 

Жасалған баяндамалардың жоғары ғылыми-теориялық және әдістемелік деңгейі қазіргі филология ғылымы үшін зерттелген мәселелердің өзектілігін көрсетті.

Дөңгелек үстелге қатысу мақсатында отандық және шетелдік ЖОО ғалымдары өз мақалаларын ұсынды. 

22.11.22news0002 pic01

 

 

 

Печать