“Классикалық және Digital Media-ның араласуы” атты кездесу жиыны өтті

Қараша айының 22-ші жұлдызында Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық коммуникация кафедрасының ұйымдастырумен “Классикалық және Digital Media-ның араласуы” атты кездесу жиыны өтті.

Дәрісті қазақстандық тележүргізуші, продюсер, «Телемастерская продакшн үйі» телекомпаниясының негізін қалаушы Серік Мұхамбедияұлы Ақышев жүргізіп, өзінің тәжірибесімен  бөлісті.

Аталмыш жиын болашақ мамандарымызға журналистика саласының заманауи медианың қыр-сыры мен қиындығын, қызығы мен шыжығын таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Дәріс барысында тележүргізуші Серік Ақышев өзінің тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, дауысты жөндеуде және дауыс басу кезінде, сонымен қатар камера алдында еркін тұра білуге арналған бірнеше лайфхактарымен бөлісті. Студенттеріміз де өздерін қызықтырған сұрақтарын қою арқылы қанағаттанарлықтай жауап ала алды. Тіпті қонағымызбен жеке қалып, сұрақ қойып жатқан студенттер де болды.

Дәріс нәтижесінде журналистика және қоғаммен байланыс мамандықтарының студенттері болашақта міндетті түрде қолданарлықтай лайфхактар үйреніп, көптеген тәжірибе жинады.

 

24.11.22news1 pic01

 

 

Печать