"Қазіргі қоғамдағы педагогтардың жаңа құзыреттіліктері" тақырыбында пікірталас

2022 жылғы 22-25 қараша аралығында Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне біздің шетелдік досымыз және әріптесіміз PhD докторы, профессор, "Неофит Рилский" Оңтүстік-Батыс университетінің (Болгария Республикасы) Бірінші проректоры Ицка Михайловна Дерижан келді. Сапар барысында ол шетелдік басшы болып тағайындалған докторанттармен кездесті, олармен диссертация мәселелерін, импакт факторы бар журналдарда мақалалар жазуды, сондай-ақ олардың "Неофит Рилский" Оңтүстік-Батыс университетінде алдағы тағылымдамасын талқылады.

Сапар барысында "Неофит Рилский" Оңтүстік - Батыс университетінде оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын "21 ғасырдағы педагогтардың құзыреттілігі", "Жаңа технологиялар (STEM-технология)" тақырыбында бірнеше дәріс оқыды, сондай-ақ университеттің құрылымы, оның факультеттері, мамандықтары туралы айтты. Халықаралық жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық жөнінде ұсыныс жасады.

Дәріс соңында "Қазіргі қоғамдағы педагогтардың жаңа құзыреттіліктері" тақырыбында пікірталас өткізілді. Дәріске университетіміздің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ тағылымдамаға келген Еуразия ұлттық университетінің магистранттары қатысты. Дәріс өте қызықты интерактивті форматта өтті және барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Дәріс соңында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ басшылығынан естелік сыйлықтар және университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор С. С. Құнанбаеваның алғыс хаты табыс етілді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать