Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің Ташкент мемлекеттік шығыстану университетімен өзара әрекеттестігі

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-ті жетекші шетелдік ғылыми орталықтармен сыртқы ғылыми байланыстарды белсенді дамытып, осы байланыстарды жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары үрдісінде белсенді пайдаланады.

ЖОО аралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және өзара әрекеттесу аясында 2022 жылдың 19 қарашасында Шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасы мен шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының оқытушылары «Өзбекстан-Қытай: тарихи, мәдени, ғылыми және экономикалық байланыстарды дамуы» тақырыбындағы жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсене қатысты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті Ланчжоу университетімен және Ташкент мемлекеттік университеті жанындағы Конфуций институтымен бірлесіп ұйымдастырды. Қытайтанудың өзекті мәселелері бойынша VI Халықаралық конференция жұмысына ҚХР, Ресей, Ұлыбритания, Түркия , Әзірбайжан, Қырғызстаннан келген жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің өкілдері, халықаралық ұйымдардың, түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, Өзбекстан Республикасының Жоғары білім беру мекемелерінің салалық мамандары, профессорлар мен зерттеушілер, қытайтанушы жас студенттер қатысты. Халықаралық конференцияда қытайтанудың өзекті мәселелері, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, саяси, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени байланыстардың қазіргі жағдайы, тарихы мен болашағы талқыланды. Бұл конференция университеттердің ынтымақтастығы үшін құнды тәжірибе, ал жас ғалымдар үшін, біздің ойымызша, өз материалдарын ұсынудағы баға жетпес тәжірибе екені сөзсіз.

Печать