«Қазақстан Республикасының үздік студенті-2022» республикалық байқауы

2022 жылдың 26 ​​қарашасында Астана қаласында «Білім-өркениети» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының үздік студенті-2022» халықаралық байқауы өтті.

Дарынды оқушыларды қолдау. Бұл республикалық байқауға ҚазХҚжӘТУ «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері қатысты. Борисова Дильназ, Нұрлыбаев Жәңгір, Зархумар Ақерке ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. Нәтижесінде Борисова Дильназ ІІ дәрежелі дипломмен, ал Нұрлыбаев Жәңгір, Зархумар Ақерке ІІІ дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Олардың өмірбаяндары мен ғылыми еңбектері «Қазақстан Республикасының үздік студенті-2022» кітап жинағында жарияланған.Университетіміздің және факультетіміздің абыройын асырған дарынды студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать