АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗХҚЖӘТУ-НІҢ ПРОФЕССОРЫ ПАК НЕЛЛИ СЕРГЕЕВНАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

25 қараша 2022 ж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Шығыстану факультеті мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корейтану орталығының ұйымдастырылуымен филология ғылымдарының докторы, профессор Пак Нелли Сергеевнаның 80 жылдығына арналған «Лингвистика мен шығыстану ғылымдарының заманауи даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция Басқарма Төрағасы – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ректоры, академик Құнанбаева Салима Сағиқызының құттықтау сөзімен басталды. Құттықтау сөзінде Пак Нелли Сергеевнаның шығыстану факультетінің дамуы мен қалыптасуына, университеттің имиджі мен жақсы іскерлік беделін сақтауға қосқан үлесі атап өтті.

Пак Нелли Сергеевнаның есімі университетпен тығыз байланысты: Нелли Сергеевна осы университеттің түлегі, ал жылдар өткен соң 1993 жылы Alma mater-де шығыс тілдерінің дамуының бастауында тұрды. 1993 жылы академик ректор Құнанбаева Салима Сағиқызының ұсынысы бойынша Нелли Сергеевна университетте корей тілін оқытуды ұйымдастырады. Осы сәттен бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де корей бөлімінің тарихы басталады. 1998 жылы университетте кафедра құрылып, университет ректорының ұсынысымен ол шығыстану кафедрасы деп аталды. Пак Нелли Сергеевна бұл кафедраны 15 жыл бойы басқарды.

        2012 жылы Нелли Сергеевна Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де құрылған корейтану орталығын бірнеше жыл бойы басқарды. Қазіргі уақытта Нелли Сергеевна Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корейтану орталығының бас ғылыми қызметкері.

         Нелли Сергеевна ғылым және білім беру саласындағы жетістіктері үшін:

  • 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «2010 жыл ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болды;
  • 2011 жылы Корея Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және корей тілін таратуға және корейтануды шетелде дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен марапатталды;
  • 2021 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ның мерейтойлық күніне орай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін А.Байтұрсыновтың Алтын медалімен марапатталды.

Ал 2022 жылдың 25 қарашасында Пак Нелли Сергеевна Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының «Жоғары кәсіптік білім беру саласындағы үздік ғылыми қызметкер» құрметті атағын беру туралы медалімен және сертификатымен марапатталды.

Пак Нелли Сергеевнаның тіл білімі теориясы мен шет тілдерін оқыту тәжірибесінің әртүрлі мәселелері бойынша 90-нан астам жарияланымы бар және өзінің белсенді ғылыми жұмысын жалғастыруда. 25 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-да Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар мен шақырылған қонақтары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан жоғары оқу орындарының белгілі лингвист-ғалымдары мен шығыстанушылары, әріптестері мен корейтанушылары болды. Әлемнің түрлі елдерінен, соның ішінде Англиядан, Германиядан, Канададан, Корея Республикасынан келген ғалымдар мерейтой иесін құттықтап, денсаулық, үздіксіз шығармашылық және ғылыми ізденісте болуын тіледі.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать