"Лингвомәдениеттану әдіснамасы: тәжірибе және инновация контекстінде шет тілді білім беру мамандарын кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері" атты халықаралық дөңгелек үстел

2022 жылғы 1 желтоқсанда психология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры Тамара Даниловна Кузнецованың 85 жылдық мерейтойына арналған "Лингвомәдениеттану әдіснамасы: тәжірибе және инновация контекстінде шет тілді білім беру мамандарын кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Кузнецова Тамара Даниловна Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де 60 жылға жуық жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ғылыми кеңестің мүшесі, шетел тілінде білім беру әдістемесі бойынша PhD докторы дәрежесін алу үшін диссертацияларға және магистрлік диссертация бойынша ғылыми кеңесші болып табылады. Кузнецова Т.Д. студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын шебер басқарады, олардың көпшілігі университеттік және республикалық студенттік жұмыс конкурстарында аталып жүр. Республикалық және халықаралық конференциялардың белсенді қатысушысы Кузнецова Тамара Даниловна университет тәжірибесін таратуда.

Кузнецова Тамара Даниловна мектеп пен университетте шет тілдерін оқыту әдістемесі мен психологиясы мәселелері бойынша 90-нан астам ғылыми еңбектерін жариялады. Тамара Даниловнаның жетекшілігімен 8 кандидаттық диссертация және 50-ден астам магистрлік диссертация қорғалды.

Аталған іс-шараға біздің университеттің профессор-оқытушылар құрамы, басқа ЖОО-дар мен жақын шетелдердің профессорлары, студенттер, магистранттар мен докторанттар белсенді қатысты.

Мерейтойыңыз құтты болсын, қымбатты Тамара Даниловна!

Ғылыми-педагогикалық қызметтегі жаңа шығармашылық табыстар, мықты денсаулық, ұзақ өмір, сізге және сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңызға амандық!

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

Печать