«ДЕМОНОПОЛЯЗАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТУРИЗМ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫН ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ»

Факультет ПОҚ-ы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүзеге асырады, оның нәтижесі олардың конференциядағы жарияланымдары мен баяндамалары болып табылады.

2022 жылғы 2 желтоқсанда Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінде «Демонополязациялау жағдайындағы туризм менеджменті және халықаралық коммуникациялардың дамуын транформациялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты, 140-тан астам баяндама жарияланды, үш секция бойынша баяндамалардың тезистері жинақта жарияланады.

Секция - 1. Заманауи туризм индустриясындағы инновациялық үрдістер – 50 баяндама жарияланды.

Секция - 2. Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық индустриясындағы инновациялық технологияларды халықаралық трансформациялау мәселелері 70 баяндама жарияланды.

Секция - 3. «Журналистика және PR»: мультикультурализм дәуіріндегі жаңа үрдістер, құралдар және өзгерістер» 18 баяндама жарияланды.

Конференция жұмысында магистранттар, факультет студенттері әлемдік ауқымда туристік саланы дамытудың заманауи мәселелерін, сондай-ақ мейрамхана және қонақ үй бизнесі мәселелерін, журналистика және қоғаммен байланыс сұрақтарын көтерді.

Секциялық отырыстарда қонақжайлылық индустриясының проблемалары бойынша баяндама жасаған студенттер арасында қызықты дискуссия мен пікірталас тудырған бірқатар баяндамалар тыңдалды.

Қазылар алқасы келесі студенттердің белсенді қатысуын атап өтті: Саламатова Мадина, онда туризм магистрі, аға оқытушы Турдибакиева Р.А. ғылыми жетекші болып табылады., Порохня Яна, Абилова Инкар, Илиманова А., ғылыми жетекшісі э.ғ.к., профессор Нұрпейісова Л.С. Әбдіров Б., Алпысбай Ә., Анарбек М., Елтай М., Мейманқұлова Ұ., Арыстанбекұлы Н, Досанқұлова А., Қасымхан А., Жахия А., Бекжігітова А. 2 курс студенттері, ғылыми жетекшісі магистр, аға оқытушы Бейсенова Г.К. болып табылады. Бисенгалиева Д. ғылыми жетекшісі э.ғ.к., асциров проф. А.Э. Айтжанова, сондай-ақ Шамет Сейфулла, ғылыми жетекшісі Г.Ш. Бейсенова, Сейтқұл Әл-Маруа Серікқызы, ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор А.Е. Қайырбаева, Е. Ізғали, ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, PнD Балпанов Н.М.

Ғылыми шараның қорытындысы бойынша конференцияға белсенді қатысқаны үшін барлығына дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать