"Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері"қонақ дәрісі

5 желтоқсанда Халықаралық құқық кафедрасы «Менеджмент және халықаралық коммуникациялар» факультетінің студенттерімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында конак дәрiciн өткізді.
Дәріс мақсаты: Студенттерге құқықтық тәрбие беруді жалғастыру, оларға тұрмыстық зорлық-зомбылық түсінігін, оның алдын алу мүмкіндіктерін, зорлық-зомбылық құрбанын қорғайтын заңдылықтарды жеткізу, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасқа, жанашырлыққа, ізгі ниет, төзімділікке тарбиелеу.

Баяндама жасағандар: 1. Заң ғылымдарының кандидаты Амандосұлы Бағдат – «Тарбағатай» заң кеңесшілер палатасының мүшесі.
2. саяси ғылымдарының кандидаты Исаева В.А- «Қазақстанның қазіргі тарихы және идеологиялық пәндер» кафедрасының оқытушысы
3. Философия ғылымдарының кандидаты Насырова Мадиям Юлдашевна – «Қазақстанның қазіргі тарихы және идеологиялық пәндер» кафедрасының оқытушысы.
4. Психология ғылымдарының магистрі Турсунбаева А.У.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать