Шығыстанушы, мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы - Қайрат Сәки Ұзақұлының «Сұлтан Бейбарыс», «Ер қаруы-бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» кітаптарының таныстырылымы

2022 жылғы 25 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында  Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай, Шығыстанушы, мәмлүктер тарихын зерттеуші,  арабтанушы -  Қайрат Сәки Ұзақұлының «Сұлтан Бейбарыс», «Ер қаруы-бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Студенттерді мәдени іс-шараларға баулу және таныстыру мақсатында аталған шараға Шығыстану факультетінің оқытушылары мен  «Шетел филологиясы» және «Шығыстану» мамандығында араб тілін оқитын 1-2 курс студенттері қатысты.

Іс-шарада ​ ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мемлекеттік органдардың белгілі өкілдері мен қайраткерлері, ҚР-дағы Шығыс елдерінің Елшілік өкілдері, Республикамыздың ЖОО-дағы жетекші ғалымдар, отандық және шетелдік шығыстанушылар, философтар мен филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар мен дінтанушылар және БАҚ өкілдері болды. Іс-шара кезінде қонақтар сөз сөйлеп өз ойларын ортаға салды.  Қайрат Сәки Ұзақұлы өзінің жаңа кітаптарын таныстырып мазмұнына қысқаша тоқталып өтті.

Шығыстану факультетінің студенттері үшін бұл іс-шара баға жетпес тәжірибе және үлкен әсер бергенімен қатар тарихқа деген қызығушылықты арттырды.

Печать