Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 4-ші Корейтану апталығы

Пак Нелли Сергеевнаның 80-жылдық мерейтойына орай Корейтанудың 4 -ші апталығы аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ корейтану орталының ұйымдастыруымен ТМД жас корейтанушы ғалымдарының 7-ші конференциясы және корейтану бойынша 12-ші Орталық Азия олимпиадасы өтті. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев Университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Орталық Азиядағы Корей институты (Бішкек, Қырғызстан), Қырғыз-Корей университеті (Бішкек, Қырғызстан), Ташкенттегі Пучхон университеті, Ташкент мемлекеттік әлем тілдер университеті (Ташкент, Өзбекстан), Корея халықаралық университеті (Ферғана, Өзбекстан), Хангук шет тілдер университеті (Корея Республикасы), Пусан шет тілдер университеті (Корея Республикасы), Чонбук ұлттық университеті (Корея Республикасы) студенттері және т.б. қатысты.

Іс-шараларға барлығы 120-ға жуық адам қатысты, соның ішінде корейтану студенттері, 16 университет, 9 қала және 4 елден келген ұйымдар мен жұмыс беруші-компаниялардың басшылары мен өкілдері, оқытушылар, ғылыми жетекшілер. Олимпиаданың барлық қатысушылары ұсынылған «достық», «махаббат» және «бақыт» атты үш тақырыптың бірі бойынша баяндама жасап, корей тілін жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Қазылар алқасының құрамына кірген, Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім орталығының директоры Ким Тэхван мырза, «Шинхан Банк Қазақстан» Басқарма төрағасы Чо Ёнг Ын мырза, Partner Lawyer «BLJ Lawfirm» Ли Чже-вук мырза, «Шинхан Банк Қазақстан» Басқармасының вице-төрағасы Ким Джозеф мырзаның алдында ең үздігін таңдау мақсаты қойылды. Корейтану бойынша 12-ші Орталық Азия олимпиадасының қорытындысы бойынша өз жоғары оқу орындарын лайықты түрде таныстырып, лайықты марапаттарға ие болған қатысушылар, яғни ынталандыру сыйлықтарының 4 жеңімпазы, 3-ші орынның 3 жеңімпазы, оның екеуін жеңіп алған ҚазХҚ және ӘТУ-нің 4 курс студенттері Усембаева Айнура мен Газизова Айнамкоз, 2-ші орынның 2 жеңімпаз иегерлі болды. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің атынан «Шығыстану» бағдарламасының 4-курс студенті Кеунимжаева Жансая лайықты дәрежеде қатысып, жүлделі 1-орынға ие бола отырып, Кореядағы тіл курстарында білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл Korea Foundation жыл сайын беретін сыйлығы. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің корей бөлімі түлектерінің қауымдастығы тағайындап арнайы жүлденің иесі 4 курс студенті Усембаева Айнура болды. Корейтану бойынша Орталық Азия олимпиадасының барлық жеңімпаздарына марапаттарды филология ғылымдарының докторы, профессор Пак Нелли Сергеевна табыс етті. Корейтану апталығын сәтті өткізілуі Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы білім беру орталығының, Қазақстандағы Оңтүстік Корея компаниялары қауымдастығының, мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының, ҚазХҚ және ӘТУ-нің корей бөлімі түлектері қауымдастығының, Korea Foundation және Корея Республикасының корейтану академиясының қолдауының арқасында мүмкін болды.

Корейтану 4-ші апталығының барлық фотосуреттері мен бейнежазбалары Орталық Азия корейтану мұғалімдері қауымдастығының парақшасында, сондай-ақ YouTube арнасы мен Instagram желісінде жарияланады:

Корейтану мұғалімдерінің Орталық Азия қауымдастығының сайты: http://canks.asia    

YouTube арнасы https://www.youtube.com/channel/UC6jTRgKrV0ojq8vf73xV7Yg  

инстаграм https://instagram.com/akspca2012?utm_medium=copy_link

Печать