Мәскеуден сарапшылардың Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ке сапары

2022 ж. 12 желтоқсанында университетімізге саяси ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпарат институтының Таяу және посткеңестік Шығыс бөлімінің меңгерушісі Аватков Владимир Алексеевич және Халықтар достығы Ресей университеті Стратегиялық зерттеулер мен болжамдар институтының директоры Егорченков Дмитрий Александрович ресми сапармен келді. Әріптестер университеттіміздің проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Тулебике Алимжановна Кульгильдиновамен және Халықаралық қатынастар факультеттің оқытушылар қураммен кездесіп, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ екі университет ғалымдарының өзара іс-қимылы және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, Түркияның сыртқы саясатына назар аударды.

Сапар барысында сарапшылар халықаралық қатынастар, аймақтану және шығыстану білім беру бағдарламаларының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары үшін «Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар мен аймақтанудың өзекті мәселелері» тақырыбында қонақтық дәріс оқиды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать