18 желтоқсан – Халықаралық араб тілі күні

18 желтоқсан – Халықаралық араб тілі күніне орай 2022 жылдың 12 желтоқсанында  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» және «Шығыстану» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан араб тілін оқитын 2-4 курс студенттері мен оқытушылар Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде араб халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған  іс-шараға қатысты.  Іс-шарада  Біріккен Араб Республикасы университетінің Халықаралық мәдени дипломатия институтының директоры, доктор Мухаммад Камал әл-Моаини, Мысыр Араб Республикасының уақфтар министрі Мухаммад Мухтар Джумга мен Мысыр жоғары оқу орнының жетекші ғалымдары мен ұстаздары, филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар және бұқаралық ақпарат өкілдері болды.    

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат әл-Жиди араб тілінің дүниежүзілік маңызын айта келіп, келген қонақтар мен араб тілін оқып жатқан студенттерді Халықаралық араб тілі күнімен құттықтады. Бұл іс-шара барысында Абылай хан университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Ш.Б.Қожабекова Қазақстанда араб тілін дамыту және оқыту жайында өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында араб бөлімі студенттері сахналық көріністер қойып, біздің Шығыстану факультетінің студенттері үшін баға жетпес тәжірибе және үлкен әсер бергенімен қатар, араб тіліне деген  қызығушылығын арттыруға септігін тигізді. Білім алушылар араб халқы өкілдерімен сөйлесуге, оларды қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать