Кәсіподақ комитеті мүшелерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік

24 желтоқсанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қызметкерлерінің кәсіподағы кәсіподақ комитет мүшелерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырып, өткізді. 50 – ге жуық бала зұлым Малифисента Жаңа жылды ұрлап әкеткен ертегі әлеміне еніп кетті, бірақ әдемі Эльза өзінің көмекшілерімен – қоян мен аюмен бірге оны қайтарып алды. Балалар Аяз ата мен Ақшақарды көмекке шақырып, Жаңа жылды қайтаруға көмектесті! Ал, финалда балаларға сыйлықтар берілді!

Печать