Hertfordshire Press Awards халықаралық кітап сыйлығы

Абылай хан атындағы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректоры Салима Құнанбаева беделді Hertfordshire Press Awards халықаралық кітап сыйлығының лауреаты атанды. Ол авторы болып табылатын "Competence-based modelling of professional foreign language education" ғылыми-зерттеу кітабы (Кәсіби шет тілді білім берудің құзыретті модельдеуі) "Best Research Book" номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 28 желтоқсанында өтті. Hertfordshire Press баспасының негізін қалаушы және ECG (London) вице-төрағасы Марат Ахмеджанов Салима Құнанбаеваға сертификат пен естелік мүсіншені табыс етті.

Сыйлыққа әлемнің 20 елінен барлығы 100-ден астам мәдениет, өнер және ғылым қайраткерлері ұсынылды. Салима Сағиқызының жеңісі – шет тіліндегі білім берудің заманауи әдіснамасын, тұжырымдамасы мен теориясын жаңарту және дамыту бойынша ойластырылған, мақсатты және көпжылдық жұмысының нәтижесі.

Hertfordshire Press Awards әдеби сыйлығы Еуразиялық Шығармашылық гильдияның (ECG London) қолдауымен құрылды және 2013 жылдан бастап осы аттас баспаның авторларына олардың еңбегі мен халықаралық мәдени мұраға қосқан үлесінің көрсеткіші ретінде беріледі. 2022 жылғы сыйлықтың лауреаттары қараша айында Yunus Emre институтында (Лондон) 18 қарашада Британдық Hertfordshire Press Awards фестивалі аясында жарияланды.

С.С. Құнанбаева жетекшілігіндегі және өткен жылы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өткен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – шет тілді білім берудің флагманы болып табылады. Университетті "Тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау" және "Тілдер мен әдебиет" гуманитарлық тобы бойынша РОӘК ОӘБ басқарады. Университеттің профессор-оқутышулар құрамы үш тілде сөздіктер жасайды, "Үшбірлік тілдері" МЖМБС әзірледі, республиканы оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді.

www.ablaikhan.kz

@kazumo23

#kazumo23 #ablaikhan #KazUIR&WL

Печать