«ҚР жылдың үздік маманы - 2022», «Жылдың үздік оқытушысы», «Үздік жас маман-2022» республикалық байқаулардың жеңімпаздары

2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен "АМАНАТ" партиясының ұйымдастыруымен «ҚР жылдың үздік маманы - 2022», «Жылдың үздік оқытушысы», «Үздік жас маман-2022» республикалық байқаулары өтті. «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы - мемлекетіміздегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларының инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, педагогтердің біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына ықпал етуге мамандандырылған орталық.

   

Байқаулардың мақсаты – республикамыздың барлық салаларының мамандары, педагогтары арасында байланыс орнату, үздік мамандарды, педагогтарды анықтау және республика педагогтарының инновациялық әдістері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқаулардың нәтижесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің қарсаңында жарияланды.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ өкілдері, шығыстану факультетінің тәжірибелі және беделді оқытушылары республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанғаны өте қуантады. Атап айтсақ, «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясында филология ғылымдарының кандидаты, профессор, шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының меңгерушісі Джельдыбаева Раушан  Базикенқызы жеңімпаз атанды. Тарих ғылымдарының кандидаты, «Шығыстану» кафедрасының доценті Есеркепова Жанар Онгаровна «ҚР жылдың үздік маманы - 2022» атанды. Шығыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр Меллат Дилнар «Үздік жас маман-2022» номинациясының жеңімпазы атанды. Біздің жеңімпаздар І дәрежелі дипломдармен және төсбелгілермен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Астанада өтті.

Шығыстану факультеті жеңімпаз оқытушыларды құттықтап шығармашылық табыс, өркендеу және үздіксіз даму тілейді. Кәсіби қызметтеріңіз әрқашан сәтті болсын!

Печать