«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы кезектен тыс сайлауы және президенттік басқару нысаны» тақырыбында теориялық семинар

Халықаралық құқық кафедрасы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы кезектен тыс сайлауы және президенттік басқару нысаны» тақырыбында теориялық семинар өткізеді.

Спикер заң ғылымдарының докторы, профессор Мухамеджанов Э.Б. болды.

Семинар жұмысына факультет деканы э.ғ.к., доцент Құдайбергенов Н.А. халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент К.А. Байжомартова және кафедра оқытушылары қатысты.

Профессор Е. Б. Мұхамеджанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының негізгі алғышарттары мен қорытындыларына құқықтық талдау жүргізіп, ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастырудың конституциялық негіздеріне тарихи анықтама берді.

 Баяндама қорытындысы бойынша семинар жұмысына қатысушылар кең талқылау барысында еліміздегі конституциялық реформалар мәселелері, президенттік басқару нысанының тиімділігі және оны жетілдіру құралдары жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать