Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ мақаласы «ҚазҰУ Хабаршысы журналында Отандық ЖОО авторларының үздік ғылыми мақаласы» байқауының жеңімпазы болып танылды

2022 жылдың 23 желтоқсанында Халықаралық қатынастар факультетінде «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналының үздік ғылыми мақаласы – 2022» байқауы өз мәресіне жетіп, байқаудың жеңімпаздары мен номинанттарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Байқау комиссиясы «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналында 2019, 2020, 2021 жылдар кезеңінде жарияланған авторлардың мақалаларын қарастырды.

Ал, жеңімпаздар мен номинанттар келесі критерийлер бойынша анықталды:

▫️ ResearchGate деректер базасындағы мақаланың көрілім немесе оқылым саны;

▫️ ResearchGate деректер базасындағы мақаланың сілтемелері саны;

▫️ GoogleScholar деректер базасындағы мақаланың сілетемелері саны;

▫️ Scopus деректер базасындағы мақаланың сілтемелері саны;

Байқау қорытындысы бойынша «Шығыстану» факультетінің, «Шығыстану» кафедрасының аға оқытушысы Бактыбекова Бекзат Бактыбековна «Digital diplomacy in the context of soft power (example of France and China)» атты мақаласы үшін, «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналындағы отандық ЖОО авторының(-ларының) ең үздік мақаласы» номинациясы шеңберінде байқаудың жеңімпазы атанып, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жас ғалымдар тұрғысынан Университетіміздің туын желбіретті.

«Шетелдік автордың (-лардың) журналдағы үздік ғылыми мақаласы» номинациясында «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» бойынша – авторлар Мендис П. (Чжэнчжи ұлттық университеті, Тайвань) және Уралбаев Самат Саламатұлының (Ухань университеті, ҚХР) «Байденнің ақ үйі және Орталық Азиядағы жаңа сыртқы саясат» мақаласы жеңіске жеткенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта аға оқытушы Уралбаев Самат Саламатұлы шығыстану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Шығыстану факультетінің жас және келешегі зор ғалымдарын жеңісімен құттықтаймыз және ғылыми, сондай-ақ кәсіби қызметте әрі қарай да табыстарға жете берулеріне тілектеспіз.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать