Университет ПОҚ-ның "Араб тілін оқытудың әлемдік тәжірибесі: тарихы, қазіргі жағдайы, болашағы" халықаралық форумына қатысуы

2023 жылдың 7-14 қаңтар аралығында Сауд Арабиясы Корольдігі король Салманның Халықаралық араб тілі академиясының шақыруымен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің араб тілі оқытушылары ф.ғ.к., профессор Есенжан Д. Ә., ф.ғ.к., доцент Кожабекова Ш.Б., магистр Аманжол С.Т., магистр Тубажанов Е.М. «Араб тілін оқытудың әлемдік тәжірибесі: тарихы, қазіргі жағдайы, болашағы» тақырыбындағы халықаралық форумға қатысып, баяндама жасады. Оқытушылар семинарға белсенді қатысып, араб тілін оқыту тәжірибесімен бөлісті. Доцент Кожабекова Шолпан Базарбековна өзінің электронды оқулықтарының тұсаукесерін жасады. Профессор Есенжан Дина Анесовна араб тілін оқытудағы ерекше еңбегі үшін естелік сыйлықпен марапатталды. Форум өткізу кезеңінде оқытушылардың Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшісімен кездесуі ұйымдастырылды. Форум халықаралық тәжірибе алмасу алаңына айналды және жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Шетелдік ғылыми және білім беру қауымдастығымен жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын интернационалдандыру мақсатында Шығыстану факультеті Халықаралық араб тілі академиясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде 2023 жылдың 20-23 ақпан аралығында университетіміздің базасында «Араб тілін шетелдіктерге үйрету әдістемесі» тақырыбында халықаралық оффлайн семинар өткізу туралы келісім жасалды.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушылары үшін осындай іс – шараларға қатысу – бұл жеке және кәсіби өсуге мүмкіндік беретін орасан зор және баға жетпес тәжірибе.

Печать