Шығыстану факультетінде және Конфуций институтында Қытай Жаңа жылының атап өтілуі

2023 жылдың қаңтар айының 22 жұлдызында Қытай халқының ай күнтізбесіне сәйкес, Жаңа жыл – көктем мерекесі Чунцзені ерекше салтанатпен  тойлайды. Қытай халқы үшін Чунцзе – Қазақстан халқының Наурыз тойындай теңдесі жоқ ерекше мейрам болып табылады.

Чунцзе – төрт мың жылдық тарихы бар, отбасылық бірігу, тыныштық пен бақытты дәріптейтін ең қуанышты, дәстүрлі әрі маңызды мерекелердің бірі ретінде танымал.

Конфуций институтында "Аударма ісі" және "Шетел филологиясы" білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттері шығармашылық қойылымдарымен қызықты іс-шара ұйымдастырды. Шығыс жаңа жылын мерекелеуді факультетте «Шығыстану» білім беру бағдарламасының студенттері жалғастырды.

Студенттер Қытайдың әдет-ғұрыптарымен жақынырақ танысып, тілек білдіріп, ұлттық тағамдарын дайындап, дәм татты. Осы мерекенің концепциясын оқытушылар кеңінен түсіндіріп, студенттермен сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Дұрыс жауап берген студенттерге арнайы сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, оқытушылар каллиграфиядан мастер класс өткізді. Іс-шара соңында шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э.М. Жаңа жылды атап өтуге қатысқан оқытушылар мен студенттерге алғысын білдіріп, «ҚазХҚжӘТУ - әртүрлі елдердің мәдениеттерінің алуан түрлілігін білдіретін бір үлкен отбасы және біз үшін студенттердің университетте өткізген уақыты ең жақсы және ең бақытты естеліктерi болғаны маңызды» деп атап өтті.

Айта кететіндей, университетіміз студенттер үшін осындай шаралардан бөлек, Қытай мемлекетіндегі 18 серіктес (Бейжің тіл және мәдениет университеті, Шанхай шет тілдер университеті, Минзу университеті, Ланджоу университеті және т.б.) университеттеріне студенттерге білім және тәжірибе алмасу мақсатында оқуға мүмкіндік береді. Себебі білім берудегі белсенді қарым-қатынас көршілес екі елдің тату-тәтті өмір сүруі үшін берік негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қытай мәдениетін, тілін, дәстүрлерін терең түсінетін адамдар болашақта жылдар бойы екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығының құрылысшысы болады.

Баршаңызды Қытай Жаңа жылымен құттықтаймыз!

Қытай тілін және әртүрлі халықтардың мәдениетін үйренуде сәттілік тілейміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 1. КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ

Печать