Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Д. Смағұловтың қоңақ лекциясы

2023 жылдың 9-10 ақпанында Халықаралық қатынастар факультетте Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Смағұлов Ағыбай Дынкенұлының «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандығының студенттеріне қонақтық лекциясы өтті.

Ағыбай Смағұлов – ғалым, жоғары білікті дипломат, әр жылдары Қазақстан Республикасының Ауғанстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.  Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері.

Дәріс офлайн форматта жоғары деңгейде өтті.  Дәріс барысында студенттер теориялық және практикалық сұрақтар қойды.

 Шара соңында лектор мырзаға бөлінген уақыт пен өте мазмұнды және қызықты дәрісі үшін алғыс білдірді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать