Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ұжымы мен басшылығының атынан Түркия Республикасының Бас Консулдығында көңіл айту кітабына жазба қалдырылды

2023 жылғы 9 ақпанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ұжымының атынан және Ректор Құнанбаева Сәлима Сағиқызының атынан Түркия Республикасының оңтүстік-шығысындағы қатты жер сілкінісінің апатына байланысты бауырлас халыққа жанашырлық пен қолдау білдірілді. Түркия Республикасының Бас Консулдығындағы көңіл айту кітабына шығыстану факультетінің деканы Э.М. Кагазбаева қалдырды. «Біз жойқын жер сілкінісі салдарынан болған көптеген адам шығыны туралы қаралы хабарды естідік. Ұжым атынан және университет басшылығынан бауырлас түрік халқына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біздің жүрегіміз бауырлас түрік халқымен».

Печать