Абылай хан атындағы ҚазМУ және ӘТУ студенті «Қытай тілінің көпірі» халықаралық байқауының іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанды.

2023 жылдың 9 ақпанында  Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастары және Әлем Тілдері Университетінде студенттер арасында 22-ші жыл сайынғы "Қытай тілі көпірі" Дүниежүзілік байқауының іріктеу жарысы өтті. Бұл байқауды Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің Конфуций институты мен шығыстану факултеті ұйымдастырды.

"Қытай тілі көпірі" - бұл жай ғана жарыс емес, әртүрлі мәдениет пен ұлт жастарын біріктіретін достықтың, бірліктің шынайы мерекесі. Бұл іс-шара мәдени байланыстарды қолдауға, Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, жемісті ынтымақтастықты тереңдетуге  ықпал етеді. Жарыста қатысушылар қытай тілінде оқу және жазу дағдыларынан басқа  шығармашылық қабілеттерін де көрсетті.

Байқауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің , ҚазҰУ-нің Конфуций Институты мен Халықаралық Қазақ-Қытай колледжінің студенттері  қатысты.  Барлық қатысушылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Жарыста шығыстану факультетінің, аударма  мамандығының 4 курс студенті Жанарбекова Дильназ  1-ші орынды иеленді. Жанарбекова Дильназ өзінің таланты мен қытай тілін жетік білуімен  қазылар алқасының жүрегін жаулап алып, көптеген лайықты қарсыластарын артта қалдырып, жеңімпаз атанды.

Біздің университет ұжымын, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, профессор Джелдибаева Раушан Базикенқызы басқаратын шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамын осындай беделді халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать