Ашық есік күні

2023 жылдың 17 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ашық есіктер күні өтті, оған Алматы қаласы мен Алматы облысының мектептері мен колледждерінің 300-ден астам түлегі қатысты! Іс-шара барысында түлектерге жоғары оқу орнының тарихы, оқытушылар құрамы, университеттің әлемдік және республикалық рейтингтік агенттіктердегі позициясы туралы ақпарат айтылды.

Түлектер мемлекеттік білім беру грантына өту балдары, "Журналистика" және "PR" білім беру бағдарламасына шығармашылық емтихандар, академиялық ұтқырлық, жұмысқа орналасу туралы сұрақтар қойылды. Кездесу барысында ұйымдастырушылар университет студенттеріне берілетін стипендиялар мен жеңілдіктер туралы айтып берді! Бүгін бізбен бірге талапкер болған барлық адамдар келесі оқу жылында біздің студенттеріміз болады деп үміттенеміз!

Печать