III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қазақстандағы және шетелдегі қытайтану»

2023 жылдың 17 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де дәстүрге айналған «Қазақстандағы және шетелдегі қытайтану» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараны Шығыстану факультеті мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институты ұйымдастырды.

Конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзімен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Құнанбаева Салима Сағиқызы; ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор Оспанова Майра Уәлиқызы; Қытай Халық Республикасы Бас консулының орынбасары Чжунхуа ханым; экономика ғылымдарының докторы Сүлейменова Р.Б.

Бұл халықаралық ғылыми форумның модераторы Шығыстану факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Қағазбаева Эльмира Маратқызы болды.

Конференцияның пленарлық отырысына шетелдік және отандық ғалымдар қатысты. Атап айтқанда, баяндама жасағандар: ҚазҰУ жанындағы Әл-Фараби атындағы «Қазіргі Қытайды зерттеу орталығы» директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқаметханұлы Нәбижан; PhD докторы, Еуразиялық әлеуметтік даму институтының және ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Дамуды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сюй Тао; педагогика ғылымдарының философия докторы (PhD), Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі (Өзбекстан Республикасы) Назарова Сайёра Анваровна; Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің қытай филологиясы кафедрасының профессоры (Өзбекстан Республикасы) Каримов Акрамжан Әбілевич, Санкт-Петербург университетінің заң ғылымдарының кандидаты Трофимов А.А. (Ресей Федерациясы); Шэньси педагогикалық университетінің (ҚХР) PhD докторы, «Бір белдеу, бір жол» Жоғары мәдени-зерттеу институтының және Ауғанстан ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Ли Синвэй, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шығыстану кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, Бірімқұлова Гүлнара Өсербайқызы; Құдайбергенов Нұрадин Айыпұлы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дың халықаралық құқық және экономика факультетінің деканы, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

Конференцияға қатысуға берілген өтінімдердің жалпы саны – 65. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н. Гумилев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университет ғалымдарының ғылыми мақалалары ұсынылды.

Конференцияға қатысушылардың географиясы кең: Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей.

Конференцияға қатысушылар қазақстандық және шетелдік қытайтанудың дамуында көптеген мәселелер бар, бірақ оны дамыту үшін экономикалық, мәдени, ең бастысы ғылыми әлеует бар деген қорытындыға келді. Бұл іс-шара қытайтануды дамытудың өзекті мәселелерін жан-жақты және кеңінен талқылауға арналған диалог алаңына айналды. Конференция қатысушылары мен тыңдаушылары одан әрі зерттеу жұмыстарын жүргізуге жақсы серпін алды.

Конференция аясында 2023 жылдың 18 ақпанында Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің ғалымдары Назарова С.А. және Каримов А.А. шығыстану факультетінің студенттеріне қонақ дәрістерін өткізді.

Конференцияның барлық қонақтары мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз, тағы да кездесуді асыға күтеміз!

Печать