Қытай мәдениеті апталығы

«Қытай мәдениеті апталығы» аясында шығыстану факультетінде  «Қытай еліндегі шай рәсімі» және «Аспан асты елінің дәмдері» атты іс-шаралар өткізілді.

2023 ж. 13 ақпанда шығыс филология кафедрасы өткізген «Қытай еліндегі шай рәсімін» аға оқытушы Райхан Бағиланың жетекшілігімен «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының қытай тілі бөлімі студенттері ұйымдастырды. Іс-шараға факультет деканы Кагазбаева Э.М., шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Бүркітбай Г.Ж., факультет оқытушылары мен қытай тілі кафедрасының студенттері қатысты.

Қытай шай рәсімі - ежелгі уақытта пайда болған ерекше философия мен мәдениет. Ежелгі дәстүрлер бойынша, шай рәсімі үйлесімділікке, тыныштық пен денсаулыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған орай, іс-шара басталар алдында қонақтарға тілек жасырылған болжам печеньесін ұсынған соң, студенттер қытай шайының тарихы туралы егжей-тегжейлі айтып, шай туралы аңыздар мен қызықты фактілермен бөлісіп, қонақтарға арналған шағын шай рәсімін өткізді. Студенттер kahoot онлайн платформасында ойнау барысында, викториналық сұрақтарға белсенді жауап беру арқылы өздерінің біліктілгін және қытай мәдениетіне қызығушылығын танытты.

2023 ж. 22 ақпанында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжебаева А.А. және қытай тілінің аға оқытушысы Меллат Д. жетекшілігімен, «Аспан асты елінің дәмдері» атты әдемі атаумен іс-шара өтті. Қонақтар мен студенттер Қытайдың ежелгі мәдениетімен танысты. Шығыстану факультетінің "Шетел филологиясы" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қытай тілін меңгерудегі жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар Аспан асты елінің ғасырлар бойғы тарихы, әдет-ғұрпы мен мәдениеті туралы тамаша білімдерін көрсетті. Студенттер Шевцова Ф., Кулмагамбетова А. және Козина А. қонақтарды өздерінің аспаздық шеберліктерімен таң қалдырды және әр тағамның шығу тарихы мен аймақтық ерекшеліктерін айта отырып, «Гунбао Цицзи» және «Дапанцзи», «Пекин үйрегі» тағамдарын ұсынды. Түрлі қытай тағамдарының дәмін сезіну әлеміне еніп, студенттер Аспан асты елінің мәдениетінен бастау алған қытай шайы рәсімінде ерекше аура жасай алды. Олар сондай-ақ қытай тілінде әсерлі ән орындап Тан авторларының классикалық шығармаларын түпнұсқа тілінде оқыды.

Қытай мәдениеті апталығының мақсаты – қонақтар мен студенттерді қытай әдет-ғұрыптарымен және тамақтану ерекшеліктерімен таныстыру, сонымен қатар аспаздық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту, танымдық белсенділікті арттыру және іс-шараға қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу болып табылады.   

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать