ADAGIO

Құрманғазы атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің концерт залында Adagio концерті өтті. Кәсіби аймақтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шукыжанова А.Н. 3 курс студенттерімен классикалық музыка кешін тамашалап қайтты.

Концертке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік аралас хоры, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай мен Игорь Бладгорый қатысты.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары академиялық оркестрі 1934 жылы құрылған. Бүгінгі таңда оның репертуар қоры 4000-нан астам шығармадан тұрады. 80 жылдан астам тарихында оркестр ұлттық музыкалық өнерді дәріптейтін жүздеген қойылымдар қойды.

Печать