«Жарқын болашақ бейнесі – ЖАСТАР!»

Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ.

2023 жылдың 24-ші және 27-ші ақпан  күндері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Шетел тілдері педагогикалық факультеті,  Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы мен практикасы кафедрасының оқытушылары Тойшыбекова Гүлназ Асхатқызы, Аида Бауыржанқызы және аға оқытушы Сартбаева Элеонора Курмангалиевнаның ұйымдастыруымен,  «Жарқын болашақ бейнесі – ЖАСТАР!» тақырыбында сұхбат форматындағы мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл сұхбаттық-бағдарламаның мақсаты университетіміздің атын шығарып, белсенділер қатарында жүрген студенттерден сұхбат алу болатын.

Екі күнге созылған сұхбаттық-бағдарламаға Шетел тілдері педагогикалық факультетінің, 3 және 4 курс белсенділері келіп, сұхбат берді. Белсенді студенттеріміз қызықты студенттік өмірмен қатар университет қабырғасындағы сабақтарды, жеке өмірді қалай алып жүргендері жайында бөлісті. Өз тәжірибелерімен, ой-көзқарастарымен бөліскен студенттеріміз: ПФИЯ лидері Талғатов Ерасыл, "Ымырттағы сәуле" атты өлеңдер жинағының авторы Оразбек Ақкенже, Эрасмус бағдарламасы бойынша Франция елінде Перпиньян университетінде оқып келген Атимтаева Арай, университетіміздің белсенді волонтері Абилда Тоғжан, Жастар Рухы Жастар Қанаты ұйымының төрайымы Асылхан Аружан, «Young Leadership Program» Жастар Көшбасшылық Бағдарламасының үшінші ағымының қатысушысы Маратқызы Тоғжан. Сұхбат берген белсенділеріміз 1 және 2 курс студенттеріне қанаттандыратын сөздерін айта отырып,бағыт-бағдар беруге тырысты.

І.Жансүгіров атамыз айтып кеткендей “Жас мұраты, білім, тәлім — талабы, өнер, оқу — жастықтың қару жарағы” демекші, университетімізде осындай жалынды жастар бар екені жүректі жылытады. Елін ойлайтын, қоғамға белсене ат салысатын жастарымыз барда болашағамыз жарқын болары сөзсіз. Барша белсенділік танытып жүрген студенттерімізге тек сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруларына шын жүректен тілектеспіз!

Печать