«Жапон көктемі»

2023 ж. 1 наурызында Жапония мәдениетімен таныстыру мақсатында шығыс филологиясы кафедрасының және шығыстану кафедрасының жапон бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Жапон көктемі» атты іс-шара өткізді. Осы іс-шара аясында қонақтар «Кимоно кию», «Кири», «Шай рәсімі» атты үш аралды аралай алды. «Кимоно кию» аралында студенттер Жапонияның дәстүрлі киімдерін кию процедурасын көре алды. Жапон бөлімінің оқытушылары тілек білдірген студенттерге кимоно кию жолын көрсетіп, осы киімнің маңыздылығын түсіндірді.

Әрі қарай студенттер жапондық дәстүрлі қағаз қию өнері «Кири» бойынша тәжірибе жинақтады. Қағаз қиюды бастамас бұрын мұғалімдер бұл өнердің Жапонияда қалай танымал болғаны туралы әңгімелеп берді. Кирикоми немесе кири-ками (жапон тілінде – кесілген немесе ойық қағаз) -ойықтарды кесу арқылы қағаздан әртүрлі пішіндер жасау тәсілі. Қонақтарға естелікке кирикоми әдісімен жасалған кітаптарға арналған әдемі бетбелгілер сыйға тартылды.

   

«Шай рәсімі» аралында барлық қонақтарға жапон тәттілері мен матча шайы ұсынылды. Іс-шараның әрбір қатысушысы нағыз жапон көк шайының дәмін татып қана қоймай, жапон мәдениеті туралы көп мағлұмат алды.

Бұл іс-шара туралы көп нәрсе айтуға болады, бірақ бәрін өз көзіңізбен көрген әлдеқайда жақсы. Шығыстану факультетіндегі "Жапон көктемі" шынымен де ұмытылмас, әсерге бай болып шықты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать