2023 жылдың 1-22 ақпан аралығында шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы Konin State University Barbara Lewandowska-Tomaszczyk профессорымен арнайы мақсаттар үшін тілді үйрену мәселелеріне арналған бірқатар дәрістер ұйымдастырылды. Шетел тілдерi педагогикасы факультетінің 4 курс студенттері арнайы мақсаттар үшін тілді оқытудағы онтология, терминология, мәдениет, ұқсастылық, рәміздер, сезімдер және заманауи тәсілдерге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Дәрістердің бұл циклі болашақ шетел тілі мұғалімдерінің шет тілдік-әдістемелік дайындығын әртараптандыруға мүмкіндік берді.
23 Фев2023