Авжанова Айназ-университеттің франкофония агенттігі (АUF) және Румыниядағы халықаралық Француз радиосы ұйымдастырған аударма байқауының стипендиаттарының бірі.

Университеттік Франкофония агенттігі (AUF) мен Румыниядағы Халықаралық француз радиосының ұйымдастыруымен аударма ісі бойынша қашықтықтан білім беру бағдарламасы аясында студенттер арасында 4 айлық грантқа байқау жарияланды. 21 жоғары оқу орнынан 43 қатысушының ішінде осы бағдарламаның стипендиаттарының бірі ретінде аударма және филология факультетінің роман бөлімінің ( француз тілі) 2 курс студенті Авжанова Айназ таңдалынды.

Қашықтықтан оқу тәжірибесінің 4 айында аударма бойынша шеберлік сабақтары өткізіліп, түрлі тапсырмалар орындалады. Үміткерлерге айына 60 еуро көлемінде шәкіртақы тағайындалып, курс соңында оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать