Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2023 жылдың 10 наурызында сағат 10 - да "Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша офлайн аймақтық олимпиаданы және "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасы бойынша онлайн

"Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша 9 команда қатысты. Командалар Алматы қаласының барлық университеттерінен болды. Гран-приді Нархоз университетінің "Знатоки право" командасы жеңіп алды.

Бірінші орынды Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің университетінің "Жеті-Жарғы" командасы жеңіп алды. Екінші орынды үш команда, Абай атындағы ҚазҰПУ университетінің "Сұңқар" командасы, Нархоз университетінің "Заңгер" командасы және С.Демирель атындағы университеттің "Сармат" командасы иеленді. Үшінші орынды 4 команда иеленді: Абай атындағы ҚазҰПУ университетінің "Абай-Ақиқат" командасы, Қайнар Академиясының "Әділет лигасы" командасы, Д.А. Қонаев атындағы академияның "Жалын" командасы және Д. А. Қонаев атындағы академияның "Justice"командасы иеленді.
"Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасы бойынша келесідей орын алды. Бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Lex командасы", екінші орынды Джакарта университетінің (Индонезия) "Veterans" командасы және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінің "Территория Право" командасы, үшінші орынды екі команда иеленді. UIB университетінің "Cogito, ergosum" командасы және Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ университетінің "Ақ-жол" командасы иеленді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать