Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттері жапон тілінен 26-шы Республикалық шешендік өнер байқауының жүлдегерлері атанды

2023 жылдың 11 наурызында Нархоз университетінде жапон тілін оқитын студенттер арасында жапон тілінен 26-шы республикалық шешендік өнер байқауы өтті. өтті.  Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігі, Қазақстан Республикасындағы жапон тілі оқытушыларының қауымдастығы ұйымдастырды. Қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасындағы Жапон кәсіпкерлерінің қауымдастығы, Қазақстан-Жапондық адам ресурстарын дамыту орталығы, Қазақстан-Жапон Жібек жолы қауымдастығы, Цукуба университеті.

Байқауға Қазақстанның түрлі оқу орындарынан 17 студент қатысты.  Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Шығыстану» білім беру бағдарламасының студенттері бұл байқаудың жеңімпаздары атанды. Атап айтсақ, шығыстану факультетінің 3 курс студенті Тұрдыхожа Мадина жүлделі ІІ орын алып, бағалы сыйлықпен марапатталды.  Байқаудың нәтижесі бойынша Тұрдыхожа Мадина 20 мамырында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өтетін Орталық Азия шешендік өнер байқауына қатысу құқығына ие болды. Барлығы 6 жүлде болды.  6-орынды шығыстану факультетінің 315-топ студенті Пелевина Карина иеленді.  Айта кетерлігі, студенттерімізді сайысқа шығыстану кафедрасының жетекші оқытушысы Салимова Гульнар Джупаровна дайындады.

Жыл сайын өткізілетін байқау студенттер арасында оқу үдерісін ынталандыруға, шешендік өнерді дамытуға, Қазақстанда жапон тілін оқытуды дамытуға, сондай-ақ Жапония мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды тереңдетуге бағытталған.

 Оқушыларымыз бен ұстаздарымызды құттықтаймыз.  Тұрдыхожа Мадинаға Бішкекте сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать