"Менеджмент" пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы

"Менеджмент" пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға 13 команда, Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және шет елдерден 39 студент қатысты. Командалардың қатысушылары мен ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді, ал келесі командаларға дипломдар мен мақтау қағазы берілді:

Астана қаласы, Eсіл университетінің "Бермудский треугольник" командасы (Омаров Аман Есенғалиұлы, Ковалева Анастасия Алексеевна, Муталипова Гузала Ахмеджановна), ғылыми жетекшілері: э. ғ. к., доцент, Бирмагамбетов Т.Б., э. ғ. к., профессор, Есімханова З. К. «Гран-при» дипломын иеленді.

I дәрежелі дипломды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің "ALA Future" командасы (Ағабек Алина Жаныбекқызы, Абызбаева Ақниет Мейрамқызы, Оспанқызы Лаура) иеленді. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы  Сейсинбинова А.

II дәрежелі дипломды Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна – Қазақстан институтының "Сорбонна KZ" командасы (Түлел Асылжан Әбубәкірұлы, Байболат Аяжан Қуатбекқызы, Шайымқұлова Аружан Жәнібекқызы.) иеленді. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сырлыбаева М.Т.

II дәрежелі дипломды Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-нің "Ѕуnergy" командасы (Жақыбаев Дінмұхаммед Мақсұтұлы, Құдиярханова Айым Махсатқызы, Сманова Қадиша Бекетқызы.) иеленді. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Болтаева А. А.

III дәрежелі дипломды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің "ENU Synergy" командасы (Сапарбек Жанерке Қозыбайқызы, Мұстапа Аружан Қайратқызы, Тоқтарбек Орынбасар Жомартұлы) иеленді.  Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, доцент, Модакенова Е. К.

III дәрежелі дипломды Алматы қаласы, ХИТУ-нің "Креативті менеджер" командасы (Дәулетхан Нұрай Еркебұланқызы, Әбдірахман Аружан Бауыржанқызы, Қойшыбай Аяулым Әміржанқызы) иеленді. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Шахманова Г. Т.

III дәрежелі дипломды М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Предприниматели" командасы (Тустанская Кристина Александровна, Хабдулина Дильнара Нұрланқызы, Сәлімжан Ерұлтан Ракымжанұлы) иеленді. Ғылыми жетекшілері: э. ғ. к., профессор, Притула Р. А., аға оқытушы Жандарбекова Д. Д.

"Үздік сөйлеу шеберлік" номинациясын Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының "Бизнесмены" командасы (Евдокимов Валерий Алексеевич, Ушатская Анна Анатольевна, Иманахунов Аслан Русланович) иеленді. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ганиева И.Н.

"Үздік бизнес идея" номинациясын Алматы технологиялық университетінің "Манагер" командасы иеленді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ. к., Ілияс Әсел.

"Ең үздік бизнес идея" номинациясын Екібастұз инженерлік-техникалық институтының "Jaña Energy" командасы (Пырлик Ульяна Анатольевна, Сүлейменов Таймас Асқарұлы, Рустимова Сабина Бірлікқызы) иеленді. Ғылыми жетекшісі: э. ғ. к., Рахишева А. Б.

"Ең креативті команда" номинациясын Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің "Nomads" командасы (Адуан Бақбол, Ералы Бекзат Қайратұлы, Қошқұлова Әсем Серікқызы) иеленді. Ғылыми жетекшісі: Нұркенова М.Ж.

"Ең креативті команда" номинациясын Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-нің "Management Marketing Guardians" командасы (Икрамова Карина Бақтиярқызы, Загребин Кирилл Валерьевич, Филинов Юрий Вадимович) иеленді. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Болтаева А. А.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать