Наурыз

17.03.2023 Абылайхан университетінің қабырғасында «Мәдениетаралық коммуникация теориясы және практикасы» кафедрасының доценті  Каракулова Айгуль Мадиевна педагогика факультетінің 309 тобы студенттерімен  «Наурыз» мерекесіне арналған іс-шара өткізді.

Концерттік бағдарламасын Талғатов Ерасыл  «16 қыз» әнімен бастады. «Наурыз» әні қос дауыста шырқалды. Барлық студенттер қазақтың ұлттық киімдерімен мерекені тамашалауға тырысты. Студенттер «Арқан тартысу», «Қол күресу» сияқты ұлттық ойындарды ойнады.  Жүсіпхан Сабина мен Жадырақызы Ұлмекен домбырада «Балбырау» күйін орындады, Дүйсен Айдана «Ерке Сылқым» күйін  ұсынды. Қыздар «Құдаша» әнін Tik Tok стилінде импровизациялады. Мерекелік іс-шарада студенттер наурыз көженің құрамдары мен қазақтың ұлттық тағамдары: бауырсақ, құрт, жент, иірімшік, қымыз, шұбаттың жасалу барысын жан-жақты айтып берді. Мерекелік іс-шара қазақ биімен аяқталып, кафедра оқытушыларын құттықтау сөздермен аяқталды.

Печать