«Türk Merasimleri» атты кеш

Студенттер мен қонақтарды түрік халқының мәдениеті, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен таныстыру мақсатында, 17 наурызда  шығыстану факультетінде  шығыс филологиясы кафедрасы  түрік тілі бөлімінің  1 - 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Türk Merasimleri" атты кеш өтті.  

Аталған кеште студенттермен қонақтарды түрік әлемі туралы қызықты мағлұматтармен таныстырып, ақпараттық-танымдық видеолар ұсынылды. Сондай ақ іс-шара барысында түрік тілінде ән шырқалып ойындар жүргізілді.

Айта кетсек, кешке Алматыдағы Түркия кәсіпкерлері Сердар Четинкая мырза мен Ферди Унал мырзалар қатысып  түрік елінің  салт дәстүр, мәдениеті туралы студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Сердар Четинкая студенттердің орындаған әндеріне, сахналық ойындарына жақсы баға беріп, олардың  түрік тілінде жақсы сөйлеп, тіл үйренудегі деңгейлерінен әлдеқайда жақсы екенін айта кетті. Сонымен қатар, студенттерге ынта жігер , жақсы мотивация берді.

Ферди Унал мырза түрік кофесінің қызықты тарихын баяндап өз қолымен түрік кофесінің дайындалу жолын көрсетті. Студенттер  нағыз түрік кофесінің дәмін татып, түрік кофесі туралы да қызықты мәліметтер алды.

Аталмыш шарада Шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э. М.  қонақтарға жылы лебізін білдіріп сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, осы кешке шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Бүркітбай Г.Ж. қатысты. 1, 2 курс «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушыларына алғыс айтамыз.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать