Шығыстану факультетінің ПОҚ-ы Әзірбайжанда өткен корейтану бойынша халықаралық конференцияға белсенді қатысты.

13-15 наурыз аралығында Әзірбайжан тілдер университетінде Эрджиес университетінің (Түркия) корейтану саласындағы Еуразиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырған корейтану бойынша 3-ші халықаралық конференция өтті.  

Бұл халықаралық конференцияға Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Корея Республикасы, Өзбекстан және Ресей сияқты жеті елдің белгілі корейтанушы ғалымдары да, жас зерттеушілері де қатысты. Қазақстанның атынан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Назарбаев Университетінің қатысушылары қатысты.

ЖОО аралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және өзара әрекеттесу аясында біздің университетті Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы жүзеге асырып жатқан жобаға қатысатын Шығыстану факультетінің профессоры Чжан Ходжон, доцент Хан Н. Ч., Корейтану орталығының директоры Ким У.А., аға оқытушы Аксаналиева Ж.Н., оқытушы О Сангхо, 2 курс магистранты Жайлауова А. таныстырды.

Әзербайжан Тілдер университетінің ректоры, академик Камал Абдуллаев құттықтау сөзінде мұндай конференцияларды өткізу корейтану саласындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту үшін маңызды екенін атап өтті.

Конференцияда проф. Чжан Ходжон Орталық Азиядағы корейтануды дамытудың жай-күйі мен келешегі туралы, ал Корейтану орталығының директоры Ким У.А. ҚазХҚжӘТУ-де корейтануды дамыту жобасын іске асыру туралы баяндама жасады.

Бұл конференция университеттердің ынтымақтастығы үшін құнды тәжірибе, ал ғалымдар үшін, біздің ойымызша, өз материалдарын ұсынудағы баға жетпес тәжірибе екені сөзсіз.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать