Корея Республикасының Пусан шет тілдер университетінің (BUFS) делегациясымен кездесу

2023 жылғы 24 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Корея Республикасының Пусан шет тілдер университетінің (BUFS) бірінші проректоры Квон О Гён мырза, халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Чон Мён Сук ханым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің үйлестірушісі Лим Хе Джон ханымнан тұратын делегация келді.

Пусан шет тілдер университетінің делегациясы стратегиялық даму жөніндегі проректоры Д.А. Құнанбаева, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жұмысы жөніндегі проректоры Т.В. Сережкина, оқу басқармасының бастығы А.Т. Мергембаева, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Т.Е. Әбдіғаппар, ф.ғ.д., профессор Н.С. Пак, доцент Н. Ч. Хан, корейтану орталығының директоры У. А. Ким секілді Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің басшылығымен және профессорларымен кездесті.

Пусан шет тілдер университеті (BUFS) студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы, түрлі бірлескен бағдарламаларды өткізу саласында көп жылдық белсенді ынтымақтастықпен байланысты Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-мен серіктес жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл жолыда Корея Республикасынан келген серіктестер екіжақты ынтымақтастық аясындағы іс-шараларды кеңейту мақсатында университетімізге келді. Кездесу бағдарламасындағы басты тармақ Қазақстанда алғаш рет корей ЖОО ашатын Пусан Шет тілдері университетінің (BUFS) жаһандық ынтымақтастық орталығын ашу туралы шартқа қол қою болды. Орталық ҚазХҚжӘТУ мен BUFS арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасында да көпвекторлы ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, сондай-ақ қос диплом бағдарламасын, бірлескен білім беру бағдарламаларын, екі ел студенттерінің тандемдік ынтымақтастығын және т. б. дамыту саласында жұмыс істейтін болады.       

Пусан шетел тілдері университеті делегациясының университетімізге сапары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің корей бөлімі студенттерімен кездесуімен аяқталды.

Печать