ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ КӨШІ ҚОНУ ПРОЦЕСТЕРІ. БІРІККЕН АЗИЯ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ.

2023 жылдың 1 ақпанынан бастап «Eurasia Foundation» жапондық қорының демеушілігімен «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ халықаралық қатынастар факультетінде «Migration processes in the modern world, United Asian Community» курсы апта сайын өткізілуде. Белгілі болғандай, 3 жыл бойы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Біріккен Азия – Бір Әлем» ғылыми жобасының жетекшісі профессор З.С. Айдарбеков болып табылады, ал жобаның үйлестірушісі Қазақстанның жаңа тарихы және дүниетану пәндері кафедрасының доценті В.Х. Хайруллаева.

2023 жылдың 31 наурызында Еуразия қорының вице-президенті, халықаралық қатынастар саласындағы бас сарапшы профессор Chung Joon Kon «Why Asian Community now?» деген тақырыпқа екі сағаттық тамаша лекция оқыды. Бұл лекцияда профессор Chung Joon Kon студенттермен алдағы онжылдықтарда әлем қалай өзгеретінін талқылады. Тұрақсыздықпен, құбылмалдылықпен, құндылықтар мен ақпараттың жылдам өзгеруімен сипатталатын заманауи әлем бізді жаһандық қауіптер контекстінде білім беру мәселесіне жаңаша қарауға мәжбүр етеді.

Дәріс соңында профессор Чунг Джун Кон студенттеріміздің тілдерді жақсы білуі мен эрудициясын, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ курсының жүйелілігі мен жоғары ұйымдастырылуын ерекше атап өтті және университет басшылығына құрмет пен алғыс білдірді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать