«Біріккен Азия – Біртұтас Әлем» халықаралық жобасы. Шетелдік зерттеуші Juan Antonio Sanchez Jimenez дәрісі.

2023 жылдың 7-сәуірінде «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ, халықаралық қатынастар факультетінде, Sanchez Juan испандық қауымдастырылған профессорының «The first Mangaka: The world and art of Katsushika Hokusai» тақырыбында дәрісі өтті. Шетелдік зерттеушінің дәрісі «Eurasia Foundation» (from Asia) жапондық қоры демеушілік ететін “Migration processes in the modern world, United Asian Community” курсының шеңберінде өткізілді. Бұл дәрістер курсы 3 жыл бойы профессор З.С.Айдарбеков жетекшілік етіп келе жатқан «Бірегей Азия – Бір Әлем» ғылыми-зерттеу жобасының құрылымына кіреді, ал жоба үйлестірушісі Заманауи Қазақстан тарихы және дүниетану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Хайруллаев В. X. болып табылады.

Профессор Sanchez Juan өз сөзінің барысында жапон стиліндегі өнертапқыштық мәдениеттің қалыптасу мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Жапон суретшілерінің картиналарын жаңғыртудың қыр-сырына және бұл процестің, елдің ұлттық мәдениетінің пайда болу ықпалдастығына ерекше назар аударылды, ол болашақта заманауи жапон өнерінде түбегейлі көрініс табады.

Дәріс соңында студенттерде әрі қарай талқылау үшін көптеген сұрақтар пайда болды! Бұл факт студенттердің қызығушылығын танытып, шетелден келген қонағымызды таң қалдырды, ол өз кезегінде университет басшылығына, сондай-ақ Халықаралық қатынастар факультетіне шынайы алғысын білдірді!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать