"Қазақстан тарихының үздік білгірі" тақырыбындағы ЖОО аралық студенттік олимпиада

Ғылым қызметкерлерінің күніне орай аталмыш жылдың 13 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханға арналған «Қазақстан тарихының үздік білгірі» тақырыбында Алматы қаласында ЖОО арасында студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ-Ресей медициналық университетінің 1 курс студенттерінен құралған 7 команда қатысты.

Олимпиада нәтижесі бойынша:
🏆I орын - «Жебе» командасы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ
🏆II орын - «Тұлға» командасы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ
🏆III орын - «Тасқын» командасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Олимпиада студенттерге өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін мен Қазақстан тарихы бойынша білімдерін көрсетуге жол ашты. Олимпиада жеңімпаздары бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олимпиаданы ұйымдастырғаны үшін Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасына алғыс айтамыз және жалғастырады деп үміттенеміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать