«6В02201-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиада

2023 жылдың 19-20 наурыз күндері  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де офлайн режимінде «6В02201-Шығыстану» ББ бойынша кезекті ХV Республикалық студенттік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға факультетімізден 2-4 курс студенттері қатысты.

Нәтижесінде,

  • корей тілі секциясынан: Челекен Аида Булатқызы – 2 орын; Абуова Ақбілек Нұржанқызы – ынталандыру сыйлыққа иеленді, жетекшісі: магистр, корей тілі мұғалімі О Сонгхо,
  • жапон тілі секциясынан: Тұрдыхожа Мадина Закирқызы – 1 орын; Пелевина Карина Вячеславовна – 2 орын; Жумаханова Жансая Даулетовна – ынталандыру сыйлыққа иеленді. Жетекшісі: магистр, аға оқытушы Салимова Г.Д.
  • қытай тілінен Жабинская Софья Сергеевна – 3 орын, жетекшісі: доцент т.ғ.к., аға оқытушы Омарова М.А.,

Ал түрік тілі секциясынан Қалназарқызы Салтанат – 3 орынға ие болды. Жетекшілері: магистр Рысбаев А.Б., аға оқытушы Уралбаев С.С.

Осы олимпиадаға қатысқан басқа да студенттеріміз  корей тілі секциясынан - Серикболова А.С., Мағзом А.Қ., Байдуллаева Ж.Қ., Абылкасымова А.Б., қытай тілі секциясынан - Әбдуәлі Ж.Н., жапон тілі секциясынан – Сакипова Қ.Б., түрік тілі секциясынан – Бейбитжанова Л.Б., Камашива А.М., Жанжигит А.Б., Садыбекова Б.С. кәсіби шеберліктері үшін сертификаттар, мақтау хаттармен марапатталды.

Республикалық пәндік олимпиададан университетіміз бен факультетіміздің абыройын асқақтатқан дарынды, білімді студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать