Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Шығыстану факультетінің студенті «Қытай тілі көпірі – 2023» дүниежүзілік қытай тілі байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

2023 жылдың 12 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінде «Қытай көпірі 2023» Дүниежүзілік қытай тілі байқауының республикалық кезеңінің финалы өтті. Қытайдың тілі мен мәдениетін танудан Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды ​​қалаларынан 26 адам бақ сынады.

«Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауы 22 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шараны Қытайдың шет елдерге тарату жөніндегі мемлекеттік жетекші тобының кеңсесі (Ханьбань) ұйымдастырды.

Байқау шарты бойынша қатысушылар тілдік дағдыларды көрсетті: сөйлеу және грамматика, сонымен қатар өлкетану (Қытай), қытай мәдениеті саласындағы шығармашылық (ән, би), музыкалық аспап, каллиграфия, қылқалам, қағаз- қиып сурет құрастыру, ұлттық спорт түрі (у-шу, тай-цзи), қытай тілін жан-жақты білу (күрделі білімді тексеру және оны іс жүзінде қолдану).

Қыңыр да, тартысты сайыста, Шығыстану факультетінің «Аударма ісі: қытай тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Жанарбекова Дильназ 2-орынға ие болды.

Университетіміздің барша ұжымын, ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институтының ұжымын және оның деканы, профессор Қалибекулы Толқынды, сонымен қатар жетекшілік ететін Шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының профессор, Джелдибаева Раушан Бәзікенқызын, профессорлық-оқытушылық құрамын беделді байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать